Погода в Актобе
+12°С
в Актобе Облачность
USD443.35
EUR475.54
RUB4.82
CNY61.18

Авторизуйтесь через один из следующих сервисов:

GoogleMailruYandex
Сегодня 27 апреля 2024 года, суббота

Народные новости

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ


ЖАМБЫЛДАН ШЫҚҚАН СҰРМЕРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВКЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, ерлігі елге үлгі болған сұрмерген Ыбырайым Сүлейменовке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Ол бір өзі 300-ге жуық неміс-фашистерінің көзін жойып, Невель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапқан.
Кезінде бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғанымен, түрлі себептермен Сүлейменовке деңгейі бір дәрежеге төмен Ленин ордені ғана берілген.
Бүгін ҚР Президентінің Жарлығында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – „Халық қаһарманы“ атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен „Отан“ ордені тапсырылсын» деп жазылған.
Ыбырайым Сүлейменов (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені болған.
Айта кету керек, бұған дейін де ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде қайсарлығымен танылып, 289 немісті жер жастандырған, өзі де сол кескілескен ұрыста қаза тапқан даңқты сұрмерген
Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілсе екен деген ұсынысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед көтеріп «Өшпес ерлік» атты мақала жариялаған еді. Сонымен қатар, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы «Батыр атағы берілуге тиіс маңғаз еді» деп бірнеше рет мақала жазған еді.
09 мая 2023, 13:09
Ирек Ак
0

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Комментарии (0)

    Вы должны авторизоваться, чтобы оставлять комментарии.

    Добавить заметку на блог

    Афоризм дня

    Если хочешь иметь то, чего никогда не имел, начни делать то, чего никогда не делал.

    Последние комментарии

    От редакции

    Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Актобе Сити».

    Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

    Наш адрес: 071406, Казахстан
    г. Семей, ул. Сыбанова, 2
    Моб.: 8 747 650 05 30
    E-mail:

    Посещаемость

    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика